Травматология-ортопедия және камбустиология бөлімшесі
Құрылу тарихы
Өскемен қаласындағы травматология-ортопедия және камбустиология бөлімшесі
алғаш рет ХХ ғасырдың ортасында (1957–1958 жылдары) «Жедел медициналық жәрдем ауруханасының» құрамында құрылды. Кейін, 2015 жылы ЖМЖА таратылып, травматология бөлімшесі «ШҚО ММО» ШЖҚ КМК – ға ауыстырылды.
Бөлімде диагностика, консервативті емдеу және остеосинтездің заманауи технологиялары, сондай-ақ пациенттерді амбулаториялық бақылау бағыттары жүйелі түрде дамып келеді. Даму жоспарларында көрсетілімдер, қарсы көрсетілімдер және қауіпсіздік стандарттары бекітілгеннен кейін буындарға, сіңірлерге және байламдарға PRP-терапия жүргізу хаттамаларын енгізу, сондай-ақ ортопедиялық операцияларды, оның ішінде ірі буындарды эндопротездеуді дамыту көзделген.

Бөлімшенің міндеті
Аяқ-қол жарақаттары, жұмсақ тіндердің зақымданулары және жарақаттардың салдары бар пациенттерге шұғыл және жоспарлы мамандандырылған медициналық көмек көрсету; диагностика, емдеу және медициналық оңалтуды жүргізу.
- жарақат алған пациенттерді тәулік бойы медициналық сұрыптау, бастапқы тексеру және тұрақтандыру;
- сүйектердің, буындардың, байламдардың, сіңірлердің және жұмсақ тіндердің зақымдануын клиникалық және аспаптық диагностикалау;
- сынықтар мен шығуларды консервативті емдеу: репозиция,
- иммобилизация жүргізу, көрсетілімдер бойынша қаңқалық тарту әдісін қолдану;
- жоғарғы және төменгі аяқ-қолдардың, қол басы мен аяқ басының жарақаттарына операциялық ем жүргізу;
- пластиналармен, бұрандалармен, интрамедуллярлық конструкциялармен және сыртқы фиксация аппараттарымен остеосинтез жүргізу;
- жараларға алғашқы және қайталама хирургиялық өңдеу жүргізу, ашық сынықтар мен жұмсақ тіндердің зақымдануын емдеу;
- асқынған жарақаттар мен аяқ-қолдың функциясына қауіп төндіретін жағдайлар кезінде шұғыл хирургиялық араласулар жүргізу;
- операциядан кейінгі бақылау, асқынулардың алдын алу және функцияны ерте қалпына келтіру.
- амбулаториялық қабылдау жүргізу, таңу жұмыстарын орындау, тігістерді алу, жараның жазылу барысын бақылау және оңалту бағдарламасына түзетулер енгізу;
- хирургтармен, анестезиологтармен, сәулелік диагностика мамандарымен және реабилитологтармен бірлесіп, пациенттерді мультидисциплинарлық бақылау және емдеу;
- бекітілген хаттамаларға сәйкес буындар мен сіңір-байлам аппаратына PRP-терапиясын дайындау және енгізу;
- медициналық көмектің сапасын бақылау, медициналық құжаттаманы жүргізу, персоналды оқыту және клиникалық жағдайларды талдау.
Бөлімшенің мақсаты:
- зақымданған аяқ-қолдың анатомиялық құрылымы мен функциясын уақтылы қалпына келтіру;
- асқынулар, қайталама операциялар және қозғалыстың тұрақты шектелу қаупін төмендету;
- стационарлық және амбулаториялық травматологиялық көмекті пациенттің бірыңғай емдеу маршруты аясында дамыту;
- дәлелді медицина қағидаттарына негізделген аз инвазивті технологиялар мен регенерацияны биологиялық ынталандырудың қауіпсіз әдістерін енгізу;
- консультацияларға, емдеу барысын бақылауға және медициналық оңалтуға қолжетімділікті арттыру.
Амбулаториялық қызмет және жаңа әдістемелер
- Амбулаториялық жұмыс травматолог-ортопед дәрігерінің бастапқы және қайталама консультацияларын, рентгенологиялық және басқа да зерттеулер нәтижелерін бағалауды, жарақаттардың салдарын емдеуді, таңу жұмыстарын, көрсетілімдер бойынша буындарға пункция жасауды, тігістер мен гипс таңғыштарын алуды, ортездерді таңдауды, физикалық жүктеме деңгейі бойынша ұсынымдар беруді және пациентті медициналық оңалтуға бағыттауды қамтиды.
- Дамудың негізгі бағыттарының бірі — PRP-терапия. Бұл тіндердің қалпына келу үдерісін қолдау мақсатында тромбоциттермен байытылған аутологиялық плазманы енгізу әдісі. Әдістеме көрсетілімдер болған жағдайда тізе, жамбас-сан, иық, шынтақ және тобық буындарының аурулары мен жарақат салдарын, сондай-ақ сіңірлер мен байламдардың зақымдануларын емдеуде қарастырылуы мүмкін.
- пациенттерді дәрігердің бетпе-бет консультациясынан және диагнозды растағаннан кейін іріктеу;
- қарсы көрсетілімдерді бағалау, ақпараттандырылған келісім алу және процедуралардың жеке жоспарын әзірлеу;
- көрсетілімдерге сәйкес УДЗ-навигацияны немесе басқа да визуалды навигация әдістерін пайдалана отырып, препаратты буын ішіне немесе периартикулярлық тіндерге енгізу;
- пациенттің жағдайын динамикалық бақылау, ауырсыну деңгейін, қозғалыс көлемін және функционалдық нәтижесін бағалау;
- әдістемені тек бекітілген стандартты операциялық процедуралар (СОП), арнайы оқытылған персонал, сертификатталған шығыс материалдары және процедуралар тізілімі болған жағдайда ғана енгізу.
Бөлімшенің құзыреті
Бөлім мамандары диагностика мен емдеудің келесі түрлерін меңгерген:
- сынықтар мен буын шығуларын жабық репозициялау және иммобилизациялау;
- бұғана, иық, білек, қол басы, сан, сирақ және аяқ сүйектерінің сынықтарына жасалатын операциялар;
- пластиналық, интрамедуллярлық және сыртқы остеосинтез;
- жараларға хирургиялық өңдеу жүргізу, ашық сынықтарды, сіңірлер мен байламдардың зақымдануларын емдеу;
- буындардың шығуын, тұрақсыздығын және жарақаттардың асқынуларын емдеу;
- көрсетілімдер бойынша металл конструкцияларды алып тастау және сынықтардың салдарын түзету;
- мультидисциплинарлық команда құрамында аралас және көптік жарақаттары бар пациенттерді жүргізу;
- амбулаториялық процедуралар, пункциялар және буындарды емдеудің инъекциялық әдістері;
- хаттама енгізілгеннен кейін тізе, жамбас-сан және басқа да буындарға, сондай-ақ сіңірлер мен байламдарға PRP-терапия жүргізу;
- операциядан кейінгі бақылау және қалпына келтіру емін үйлестіру.
Жамбас сүйектерінің зақымдануларына жасалатын операциялар және жоспарлы ортопедиялық араласулар бөлімнің бейініне кірмейді және пациенттің медициналық маршрутизациясына сәйкес мамандандырылған бөлімшелерде орындалады.
Жұмысты ұйымдастыру және қауіпсіздік
- шұғыл медициналық көмек көрсетуге тәулік бойы дайындық;
- күрделі жағдайларды дәрігерлер консилиумдарында талқылау;
- асептика, хирургиялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау стандарттарын сақтау;
- стационар, амбулаториялық қабылдау және медициналық оңалту арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
- емдеу нәтижелеріне тұрақты аудит жүргізу және қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Төсек қоры
Қазіргі уақытта бөлімдегі төсек саны — 36.
Дәрігерлер құрамы
Медициналық көмек көрсетуге бөлім меңгерушісі, травматолог-ортопед дәрігерлер, медициналық мейіргерлер, кіші медициналық персонал және бейінді қызметтердің мамандары қатысады.
![]() |
Гафуров Рафаэль Маратович Бөлімше меңгерушісі Лауазымы: травматолог-ортопед дәрігері Санаты: бірінші Жұмыс өтілі: 10 жыл |
![]() |
Уфимцев Виктор Константинович Лауазымы: травматолог-ортопед дәрігері Санаты: жоғары Жұмыс өтілі: 45 жыл |
![]() |
Болатұлы Алишер Лауазымы: травматолог-ортопед дәрігері Жұмыс өтілі: 5 жыл |
![]() |
Назаров Анвар Искандарбекович Лауазымы: травматолог-ортопед Санаты: екінші Жұмыс өтілі: 10 жыл |
![]() |
Ошақбай Бекзат Сапарғалиұлы Должность: Травматолог- ортопед Жұмыс өтілі: 5 жыл |
![]() |
Сейтенов Сырым Сейтенұлы Должность: Травматолог – ортопед Жұмыс өтілі: 3 жыл |
![]() |
Ержан Аманжол Ержанұлы Лауазымы: травматолог-ортопед резиденті Оқу мерзімі: 3 жыл |
![]() |
Шаймардан Әнуар Асхатұлы Лауазымы: травматолог-ортопед резиденті Оқу мерзімі: 3 жыл |











